×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамады

Бүгін, 09:01
Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық танымал ММА жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы өлімге соқтырған жол апатына қатысты іс бойынша өз кінәсін мойындаған жоқ. Алдын ала сот тыңдауы Тараз қаласында өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Қазинформ» мәліметінше, сот отырысы барысында Гүлайым Рахмонованың адвокаты қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруды сұраған. Оның айтуынша, жүргізілген автотехникалық сараптама жол-көлік оқиғасының нақты себептеріне біржақты жауап бермеген. Қорғаушы көліктің барлық төрт дөңгелегі зақымданғанын, бұл басқаруға әсер етіп, жүргізушінің апаттың алдын алу мүмкіндігін шектегенін айтты. Ол қайтадан кешенді сараптама тағайындауды талап етті.

Рахмонованың өзі кінәсін мойындамады. Ол жақындарынан айырылып, ауыр қайғыны бастан өткеріп жатқанын айтып, соттан өз ұстанымына түсіністікпен қарауды сұрады.

Прокурор істі қайта тергеуге қайтаруға қарсы шықты. Оның сөзінше, сотқа дейінгі тергеу барысында әйел өз кінәсін мойындаған, сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар жүргізілген.

Сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, бұл кезеңде оны қарау ерте екенін атап өтті. Дегенмен, қорғау тарапы негізгі сот талқылауы кезінде бұл өтінішті қайта көтере алады. Қазіргі таңда Рахмонова елден кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

КОНТЕКСТ

Қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында болды. Тергеу деректеріне сәйкес, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай әпкесі, ұлы және құрбысымен бірге жолға шыққан. Прокуратураның мәліметінше, ол көлікті түні бойы өзі жүргізіп, қатты шаршағанына қарамастан, рөлді басқа жүргізушіге бермеген.

Жолдың 296-шақырымында Toyota Land Cruiser маркалы жол талғамайтын көлік басқарудан шығып, қоршауға соғылған, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, аударылған. Бір әйел оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізу жолында көз жұмды. Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары