×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

Өзбекстанда "саяси тұтқын" Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 11:16
Өзбекстанда "саяси тұтқын" Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Фото: Азаттық радиосы

Өзбекстанда 2022 жылғы Нүкіс оқиғасынан кейін 16 жылға сотталған қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбайдың жазуынша, Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үстінен қылмыстық кодекстің 220-бабы «Түзету мекемесінің жұмысына кедергі келтіретін әрекеттержасау» бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша ол қосымша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мұратбайдың сөзінше, сот процесі 18 ақпанда өтеді. Егер оны кінәлі деп таныса, Дәулетмұрат Тәжімұратовтың түрме жазасы 26 жылға дейін ұзарады.

«Өткен аптада Тәжімұратовты көрген адамдардың айтуынша, ол Навои қаласындағы №11 түзеу колониясында тағы да соққыға жығылған. Оның денесінде көгерген, сырылған іздер және бас терісінде жарақаттар болған», – деп жазды Х желісінде Ақылбек Мұратбай.

Оның сөзінше, адвокат Сергей Майоров пен Дәулетмұрат Тәжімұратовтың әпкесі Мария Тәжімұратова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке және оның қызы Саида Мирзиёеваға видеоүндеу жасап, Дәулетмұратқа жасалып жатқан азаптауды тоқтатуды сұраған.

Контекст

2023 жылғы қаңтарда белсенді әрі журналист Дәулетмұрат Тәжимұратов 16 жылға сотталды. Ол Конституцияға енгізілетін түзетулерге алғашқылардың бірі болып қарсы шыққан, содан кейін Қарақалпақстанда жалпыхалықтық толқулар басталған. Онымен бірге шамамен 60 адам сотталған.

2022 жылы шілдеде Нүкісте Өзбекстанның конституцияны өзгерту туралы бастамасына қарсы наразылық болған. Ташкент ұсынған түзетулерде Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыратын пункт болған. Жаппай наразылықтан кейін Ташкент даулы түзетулерді жобадан алып тастады. Билік тәртіпсіздікті «қоздырған» сыртқы күштер деп айыптады. Ресми дерек бойынша, Қарақалпақстандағы наразылық кезінде 21 адам қаза тауып, 270-тен астамы жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары