×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

Қостанай колониясында жазасын өтеуші ер адам көз жұмды

Бүгін, 12:18
Қостанай колониясында жазасын өтеуші ер адам көз жұмды
Көрнекі сурет. Фото: Kazinform

Қостанайдағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, оның қайтыс болған сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қазіргі уақытта аталған мекемеде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Марқұм есірткіге қатысты қылмыс үшін жазасын өтеп жүрген.

Контекст

Былтыр желтоқсанда мәжіліс депутаты Абзал Құспан тергеу изоляторлары мен түрмелерде өлім көбейгенін айтып, бас прокурор Берік Асыловтың атына сауал жолдап, қылмыстық атқару жүйесінде адамгершілікке жат әрекеттердің болып жатқанын айтып, дабыл қаққан. 

Бұдан өзге Абзал Құспан тергеу изоляторы мен түрмедегі өлімге байланысты статистиканы да мысалға келтірді. Ол бойынша жылына жүзден астам адам қамауда көз жұмады.

Ресми статистика:

  • 2022 жылы — 133 өлім (оның 96-сы аурудан)
  • 2023 жылы — 119 (95-і аурудан)
  • 2024 жылы — 148 (114-і аурудан)
  • 2025 жылдың 11 айында — 124 өлім (105-і аурудан)
Серіктес жаңалықтары