×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Санаэ Такаити Жапонияның премьер-министрі болып қайта сайланды

Бүгін, 13:05
Санаэ Такаити Жапонияның премьер-министрі болып қайта сайланды
AP Photo

Либералды-демократиялық партияның жетекшісі Санаэ Такаити Жапонияның премьер-министрі қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өкілдер палатасында Такаити 237 дауыс жинады. Ал Кеңесшілер палатасында бірінші турда қажетті көпшілікке бір дауыс жетпей, екінші тур тағайындалды. Екінші тур қорытындысы бойынша ол 125 сенатордың қолдауына ие болды, ал оппозиция лидері 46 дауыс жинаған. Айта кетейік, парламенттің жоғарғы палатасында қайта дауыс беру соңғы 13 жылда алғаш рет өткізілді.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Жапонияның биліктегі партиясы кезектен тыс сайлауда конституциялық көпшілікке қол жеткізіп, тарихи жеңіске жеткен болатын.

ТАКАИТИ

2025 жылғы 4 қазанда Санаэ Такаити Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы төрағасы болып сайланды. Бұл кезектен тыс сайлау Сигэру Исиба отставкасынан кейін өткен.

2025 жылғы 21 қазанда Такаити Жапонияның 104-премьер-министрі атанып, осы қызметті атқарған ел тарихындағы алғашқы әйел болды.

ҚҰТТЫҚТАУ

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары