×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Қазақстанға Армения темір жолдарын Ресейден «сатып алу» ұсынылды

Бүгін, 13:22
Қазақстанға Армения темір жолдарын Ресейден «сатып алу» ұсынылды
Ulysmedia.kz коллажы

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ресейге Армения темір жолдарын басқару жөніндегі концессияны сатуды ұсынды. Оның айтуынша, бұл құқықты, мысалы, Қазақстан сатып ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Пашинянның пікірінше, мұндай қадам Арменияның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Оның сөзінше, қазір темір жолдарды ресейлік «Оңтүстік Кавказ темір жолы» (РТЖ-ның филиалы) басқаруы ел үшін «белгілі бір бәсекелік шығындарға» әкеліп, халықаралық серіктестердің Арменияны айналып өтуді қалауына себеп болып отыр. Сонымен қатар, премьер-министр бұл мәселе бойынша нақты келіссөздер әзірге жүргізілмегенін атап өтті.

– Менің түсінігімше, шешім мынадай болуы мүмкін: бізбен де, Ресеймен де достық қарым-қатынасы бар қандай да бір ел РФ-дан концессиялық басқару құқығын сатып алады, – деп келтіреді Пашинянның сөзін ТАСС.

Қазақстаннан бөлек, әлеуетті басқарушылар қатарында Катар мен БАӘ де аталды.

АЙТА КЕТЕЙІК

Концессия – мемлекет пен жекеменшік компаниялар арасындағы әріптестік нысаны. Оның аясында билік белгілі бір мерзімге мемлекеттік нысандарды пайдалануға немесе мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бизнеске құқық береді. Ал жекеменшік тарап концессиялық келісім шарттарын орындауға міндеттеледі: нысанды дамытуға инвестиция салу, бюджетке концессиялық төлемдер аудару және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Серіктес жаңалықтары