Орталық Азия елдерінің 500-ден астам азаматы Израильдің Газадағы әскери операциясына қатысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Al Jazeera телеарнасының зерттеуінше, Израильдің Газа секторындағы әскери операцияна Орталық Азия елдерінің 500-ден астам азаматы қатысқан. Өзбекстанның 264, Қазақстанның 189, Қырғызстанның 52, Түркіменстанның 31, Тәжікстанның 8 азаматы Израиль жағында соғысқан.
Израиль әскері жағында соғысқандардың едәуір бөлігінің қос азаматтығы бар. Атап айтқанда, олардың арасында АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Украина, Ресей және өзге елдердің азаматтары бар.
Соғысқа қатысқандардың кейбірі Израиль армиясында тұрақты қызмет етеді. Енді бірі елге қақтығыс ушыққан уақытта келген.
Орталық Азия елдерінің билігі өз азаматтарына шетелдегі қақтығыстарға қатысқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін талап ескерткен. Бұған дейін аталған елдерде Украинадағы соғысқа қатысқандардың сотталғаны жөнінде ақпарат көп шыққан.