×
489.3
578.94
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.3
578.94
6.38

Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды

Бүгін, 14:09
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына сотталды
Фото: AP Photo / Chung Sung-Jun

Оңтүстік Кореяда сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльді 2024 жылы елде әскери жағдай енгізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2024 жылғы 3 желтоқсанда, жергілікті уақытпен сағат 22:22-де Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін жариялады. Ол оппозицияны өз кабинетінің мүшелеріне импичмент жариялау және бюджеттік жоспарларын бұғаттау арқылы «еркін демократияны құлатуға әрекеттенді» деп айыптаған. Бұл шешім елде жаппай наразылық толқынын тудырды.

Араға көп уақыт салмай ел парламенті әскери жағдайды жою туралы шешімді қолдап дауыс берді. Президент бұл шешіммен келісуге мәжбүр болды. Осыдан кейін парламент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау туралы шешім қабылдады.

Қаңтар айында арнайы прокурор экс-президентке өлім жазасын тағайындауды талап еткен еді. Айыптау тарапының пікірінше, Юн Сок Ёль билікті сақтап қалуға тырысқан. Алайда сот түпкілікті шешім ретінде оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

БАСҚА АЙЫПТАР

Бұған дейін, қаңтар айында Юн Сок Ёль бірқатар өзге айыптар бойынша да кінәлі деп танылған. Олардың қатарында ресми құжаттарды қолдан жасау деректері бар. Жалпы оған қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған. Прокуратура 10 жыл түрме жазасын сұрағанымен, сот жекелеген баптар бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Серіктес жаңалықтары