×
489.3
578.94
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.3
578.94
6.38

Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингін растады

Бүгін, 15:02
Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің инвестициялық рейтингін растады
Ашық дереккөзден

Халықаралық рейтинг агенттігі Moody’s Kaspi.kz пен Kaspi Bank үшін инвестициялық деңгейдегі рейтингті сақтап қалды. Болжам — тұрақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Moody’s Kaspi тобының қаржылық көрсеткіштерін жоғары бағалады. Атап айтқанда, компанияның тиімділігі, жеткілікті капитал қоры мен өтімділігі, нарықтағы жетекші орны және экономикалық циклдерге төзімділігі атап өтілген.

Kaspi.kz акционерлік қоғамының шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтері, сондай-ақ шетел валютасындағы қамтамасыз етілмеген облигациялар рейтингі Baa3 деңгейінде расталды. Ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді эмитент рейтингі A2.kz деңгейінде қалды.

Ал Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтері мен контрагенттік тәуекел рейтингтері Baa3 деңгейінде бекітілді. Қысқа мерзімді депозиттер мен контрагенттік тәуекел бойынша рейтинг Prime-3 деңгейінде сақталды.

Серіктес жаңалықтары