×
489.17
576.63
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.17
576.63
6.38

"АҚШ виза бермеді": Беларусьтің "Бейбітшілік кеңесіне" не себепті бармағаны белгілі болды

Бүгін, 12:22
"АҚШ виза бермеді": Беларусьтің "Бейбітшілік кеңесіне" не себепті бармағаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь сыртқы істер министрі Вашингтонда өткен «Бейбітшілік кеңесіне» келе алмады. Ол АҚШ визасын ала алмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.

 

АҚШ президенті Дональд Трамп бастамашы болған «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысына Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженков қатысуы тиіс болған. Алайда ол АҚШ визасын ала алмағандықтанжиынға келе алмады.

Беларусь сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, ресми Минск қажетті құжаттарды тапсырған. Бірақ виза берілмеген.

«Барлық қажетті хабарламалар америкалық хаттамалық қызметтерге белгіленген тәртіпке сай жолданды, ал виза рәсімдеуге арналған құжаттар алдын ала тапсырылды. Алайда біздің тараптан талап етілген барлық рәсімдер орындалғанына қарамастан, Беларусь делегациясына визалар берілген жоқ», – деп мәлімдеді министрлік.

Минск атынан жиынға Беларусьтің сыртқы істер министрі Максим Рыженков қатысуы тиіс болған. СІМ мәлімдеуінше, бастапқыда шақыру Беларусь президенті Александр Лукашенконың атына жолданған.

Вашингтонда 19 ақпанда өткен «Бейбітшілік кеңесіне» 47 елдің өкілі қатысқан.

Серіктес жаңалықтары