×
489.17
576.63
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.17
576.63
6.38

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Бүгін, 13:11
Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: Абай облысы ПД

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 ақпанда күндіз Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

«Алдын ала анықталғандай, тасжолдың 867-шақырымында Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы аумағында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды», - деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2500 адам жол апатынан қаза табады.

 

Серіктес жаңалықтары