Қазақстандық 18 жастағы теннисші Әмір Омарханов кәсіби деңгейдегі екінші титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Финалда қазақстандық-италиялық дуэттің қарсыластары франциялық Сезар Бушелагем мен Александр Обрио болды. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.
Әмірдің серіктесі де 18 жаста. Ол АТР рейтингінде 1 055-орында тұр.
М15 санатындағы турнир Тунистің Монастир қаласында хард төсенішіндегі корттарда өтті.
Еске салайық, биыл Әмір жұптық сындағы алғашқы титулын америкалық Гэвин Янгпен (АТР рейтингінде 993-орын) бірге Рафаэль Надальдің туған жері — Монакорда жеңіп алған еді.