×
494.66
581.87
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.66
581.87
6.43

ШҚО-да жол қызметінің жүргізушісі қаза тапты

Бүгін, 15:01
ШҚО-да жол қызметінің жүргізушісі қаза тапты
YouTube

Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Северное ауылында болды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Оқиға автожолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына техникалық қызмет көрсету кезінде болған. Соның салдарынан "ҚАЖсервис" ЖШС облыстық филиалының жүргізушісі ауыр жарақат алған, деп жазды yk-news.kz.

Жедел жәрдем бригадасы дер кезінде шақырылып, қажетті шаралар қабылданғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

№30 жол пайдалану учаскесі республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының ең күрделі бөліктерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты бұл бағытта қозғалыс шектелген еді, ахуал тұрақтанған соң жол қайта ашылған.

ТЕРГЕУ

Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды. Арнайы комиссия құрылып, мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеріліп, оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданған.

– Қаза тапқан қызметкердің отбасына қолданыстағы заңнама мен компанияның ішкі регламенттеріне сәйкес қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі, – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары