×
494.66
581.87
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.66
581.87
6.43

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейді

Бүгін, 17:10
Алматы тауларында қар көшкіні қаупі күшейді
pexels

Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы маңындағы таулы аймақтарда қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және уақытша тауға барудан бас тартуды ұсынады.

Сондай-ақ ведомство халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылғанын хабарлады.

– Таулы жерге баруды жоспарлаған кезде ауа райын және уәкілетті органдардың ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 23-24 ақпан күндеріне арналған ауа райына болжам ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары