2026 жылы Миланда өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан қатысқан төреші Надежда Парецкая қызу талқыға түсті. Жанкүйерлер оның еркін бағдарламада ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянға ең жоғары ұпайларды қойғанын, ал қазақстандық спортшылардың өнерін айтарлықтай қатаң бағалағанын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде Петросянның прокатын бағалау кезінде Парецкая ең көп ұпайларды, соның ішінде компоненттер бойынша ең жоғары бағаларды қойғаны жазылған. Ал қазақстандық Софья Самоделкинаға, көрермендердің пікірінше, ұпайлар төмендетіліп берілген — нәтижесінде ол Олимпиаданы 10-орынмен аяқтады.
Жанкүйерлер тарапынан ерлер арасындағы жарысқа қатысты да наразылықтар айтылды. Олардың айтуынша, Парецкая қысқа бағдарламада Михаил Шайдоровты жетінші орынға қойған, ал ол сол сәтте көшбасшылар тобында келе жатқан. Бұл жағдай спортшының еркін бағдарлама алдындағы жағдайын қиындатып, тәуекелге барып, бес секіру элементін жариялауына мәжбүр еткен. Соған қарамастан, Шайдоров алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.
Алайда қазақстандық төрешінің ресейлік және қазақстандық спортшыларға қойған бағалары жергілікті жанкүйерлер арасында әлі де сынға ұшырап отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтар тарапынан «неге Олимпиадаға төреші ретінде 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева жіберілмеді?» деген сұрақ туындады. Әлеуметтік желілерде қолданушылар Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінен бұл жағдайға түсініктеме беруді талап етті.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиададағы өнерін аяқтады.