×
497.33
586.7
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.33
586.7
6.48

ЕО Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін бекіте алмады

Бүгін, 09:00
ЕО Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін бекіте алмады
Фото: Анадолу

Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы 20-санкциялар пакетін мақұлдай алмады. Бұл мәселе 23 ақпанда Брюссельде өткен кездесуде талқыланғанымен, ортақ келісімге келу мүмкін болмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуропалық дипломатияның жетекшісі Кая Каллас отырыстан кейін мұны жағымсыз белгі деп атады. Оның айтуынша, Еуропалық одақ Украинадағы ауқымды соғыстың басталғанына төрт жыл толар қарсаңында жаңа шараларды қабылдауды жоспарлаған, алайда мүше елдер арасында бірлік болмады.

Каллас келіссөздерді жалғастырып, Венгрия мен Словакия билігін жаңа санкциялар пакетін қолдауға көндіруге тырысатынын айтты. Ол Еуропа үшін Украинаға қолдаудың сақталатынын және Ресейге қысым күшейе түсетінін көрсету маңызды екенін атап өтті.

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига да Будапешт пен Братиславаны жауапкершілігі жоғары ұстанымға шақырды. Оның сөзінше, жекелеген елдер бүкіл одақтың ортақ шешімін бөгемеуі тиіс.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан «Дружба» мұнай құбыры арқылы мұнай транзиті тоқтаған жағдайда елінің санкцияларды бұғаттауы мүмкін екенін мәлімдеген. Ол отын жеткізу қайта жандандырыласа, Будапешт қарсы шаралар қабылдайтынын айтқан.

Ал Словакия премьер-министрі Роберт Фицо да транзит мәселесін сынға алып, егер жағдай шешілмесе, Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.

Жаңа санкциялар пакетін Еуропалық комиссия ақпан айының басында ұсынған. Құжатта Ресейдің мұнай экспортына шектеулерді күшейту, банк секторына қысымды арттыру және саудаға қатысты тыйымдарды кеңейту көзделген. Сондай-ақ санкцияларды айналып өтуге көмектесетін үшінші елдердің банктері, жаңа тауарлар мен технологиялар тізімге енгізілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары