Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.
Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысып, Каспий теңізінің жағдайы туралы айтқан болатын.
Сонымен қатар, Каспийдің күрт таяздануына байланысты мамандар шұғыл шара қабылдады.