×
497.33
586.7
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.33
586.7
6.48

Қытай қазақстандық фермерлерге жүгері өсіруді үйретпек

Бүгін, 10:37
Қытай қазақстандық фермерлерге жүгері өсіруді үйретпек
Ulysmedia.kz коллажы

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылы Қазақстанда жүгері егістігін үштен біріне ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты. Оның ішінде климаты жүгеріге онша қолайлы емес солтүстік өңірлер де бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазір Қазақстанда жүгеріні терең өңдейтін зауыттар салынып жатыр. Сол себепті бұл дақылдың егіс көлемін арттыру қажет. Ол тек оңтүстікте ғана емес, солтүстік облыстарда да жүгері егуді көбейтуді көздейді.

– Осы мақсатта министрлік Қытайдың солтүстік аймақтарында, яғни топырақ пен климат жағдайы бізге ұқсас өңірлерде жүгері өсіру тәжірибесімен бөлісуге дайын қытайлық компаниямен кездесу өткізді. Олар практикалық көмек көрсетуге ниетті, – деді министр.

Сондай-ақ ол фермерлерді қолдау үшін Продкорпорация арқылы форвардтық қаржыландыру тетігі қарастырылып жатқанын айтты. Жиналған жүгері кейін зауыттың жүктемесін қамтамасыз ету үшін инвесторға сатылмақ.

Нәтижесінде, 2026 жылы Қазақстанда жүгері егіс алқабы 174,6 мың гектардан 265 мың гектарға дейін, яғни 2025 жылмен салыстырғанда 90 мың гектарға артуы тиіс.

Айдарбек Сапаров облыс әкімдіктерін көрші елдердің жүгері өсірудегі тәжірибесін мұқият зерттеп, соны қолдануға шақырды.

Серіктес жаңалықтары