×
497.33
586.7
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.33
586.7
6.48

Шаруаларға сиыр етін экспорттауға қашан рұқсат берілмек?

Бүгін, 13:11
Шаруаларға сиыр етін экспорттауға қашан рұқсат берілмек?
Ulysmedia.kz коллажы

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сиыр етін экспорттауға қойылатын талаптарды жеңілдету мерзімдерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кімге және қашан ет экспорттауға рұқсат беріледі

Журналистер қазақстандық мал өсірушілер ет экспортына қойылған шектеулерді толық алып тастауды талап етіп отырғанын еске салды. Алайда әзірге ең болмағанда талаптарды жеңілдетуді сұрап отыр. Қазіргі уақытта сиыр етін шетелге тек санаулы ірі шаруашылықтар ғана шығара алады.

Айдарбек Сапаров бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын растады.

– Біз ведомствоаралық комиссияға бордақылау алаңдарына қойылатын талапты 5 мың бастан 500 басқа дейін төмендету туралы хат жолдадық. Сондай-ақ толық циклді ет комбинаттарына қатысты талаптарды да қайта қарауды ұсынып отырмыз. Қазір комиссия отырысының нәтижесін күтіп отырмыз. Одан кейін фермерлерге нақты ақпарат береміз, – деді министр.

Ол шешімді тек Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдар бірлесіп қабылдайтынын атап өтті.

Экспорт шарттарының қашан жеңілдейтіні туралы сұраққа министр бұл ведомствоаралық комиссия отырысының өту мерзіміне тікелей байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, комиссия отырысынан кейін 10–15 күн ішінде фермерлер экспорттаушыларға қойылатын талаптардың жұмсарғанын көре алады.

Серіктес жаңалықтары