Шешенстандық оппозиционер Мансур Мовлаев экстрадицияланбайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы адвокат Мұрат Адам хабарлады.
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты! Әріптестерді, Мансурды және өмір үшін жүріп жатқан күресте оны қолдап жүрген барша жанды құттықтаймын, – дейді адвокат.
БҰҰ
Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мансур Мовлаевке қатысты іс бойынша шұғыл шара қабылдап, Қазақстан Республикасына оны Ресейге экстрадициялаудан уақытша бас тартуды міндеттеген болатын.