×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін, 14:01
Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
Көрнекі сурет

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

КОМИССИЯ

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары