×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Инвесторлар Қазақстанды қазір қауіпсіз әрі табысты жер деп санамайды - экономист

Бүгін, 15:10
Инвесторлар Қазақстанды қазір қауіпсіз әрі табысты жер деп санамайды - экономист
ЖИ / ulysmedia.kz

Экономист Рахымбек Абдрахманов Қазақстанда қазіргі таңда инвестициялық ахуал қолайлы емес деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, шетелдік те, отандық та инвесторлар Қазақстанды капитал салуға болатын «тыныш айлақ» ретінде қабылдамай отыр. Бұл үрдіс елге келіп жатқан инвестиция көлемінен айқын көрінеді. Сонымен қатар, жеке бастамаларды мемлекет қаржысы барған сайын ығыстырып жатыр.

– Бүгінде мемлекеттік инвестициялар жеке инвестицияларды жиі алмастырып отыр. Себебі ішкі де, сыртқы да инвесторлар түрлі себептерге байланысты Қазақстанды қазір өз капиталы үшін ең қауіпсіз әрі тиімді орын деп санамайды. Halyk Finance дерегінше, 14–15 трлн теңге инвестицияның шамамен жартысы қандай да бір деңгейде мемлекетпен байланысты болуы мүмкін. Жеке инвестициялардың осыншалықты қатты шеттетілуі — бұрын-соңды болмаған жағдай, – деді Абдрахманов журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары