Қазақстанда жуғыш заттар мен гигиеналық өнімдер бағасы күрт өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.
Банк дерегінше, 2022 жылдың желтоқсанында ыдыс жууға арналған өнімдер құны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,3%-ға қымбаттаған. Кір жуатын ұнтақтар бағасы 41,3%-ға өссе, ал ванналар мен шұңғылшаларды тазалауға арналған құралдар 32,3%-ға қымбаттады.
Гигиеналық заттардың құны да айтарлықтай көтерілген. Оның ішінде дәретхана сабынының бағасы 51,3%-ға, тіс пастасы – 35,6%-ға, сусабын – 41,2%-ға, қол кремі – 28,3%-ға, бет кремі – 23,2%-ға, балалар сабыны – 53,1%-ға шарықтаған.