×
496.85
585.54
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.85
585.54
6.49

Зеленский: келіссөздердің жаңа кезеңі наурыздың басында өтуі мүмкін

Бүгін, 17:04
Зеленский: келіссөздердің жаңа кезеңі наурыздың басында өтуі мүмкін
Фото: AFP

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтетін кезекті келіссөздерге қатысты болжамды мерзімді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Зеленскийдің айтуынша, үшжақты кездесу наурыз айының басында өтуі мүмкін. Оның алдында Украина делегациясының жетекшісі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров америкалық тарап Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен екіжақты кездесу өткізеді, деп жазады Meduza.

Украина президентінің сөзінше, екіжақты кездесуде бірнеше мәселе талқыланады.

  • Біріншісі — prosperity package, яғни Украинаны қалпына келтіруге арналған пакет және оның нақты тетіктері.
  • Екіншісі — Ресей қатысатын үшжақты келіссөздерге дайындық.

– Үшжақты кездесу, біздің ойымызша, наурыздың басында өтеді, – деді Владимир Зеленский.

Серіктес жаңалықтары