×
501.26
590.38
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.26
590.38
6.54

Әйелін ұрып, ізіне түскен алматылық кәсіпкер қамалды

Бүгін, 09:00
Әйелін ұрып, ізіне түскен алматылық кәсіпкер қамалды
Ашық дереккөзден

Алматы облысында актриса әрі блогер Әнел Аманғалиеваның күйеуі ұсталды. Бұған дейін ол алматылық кәсіпкер тарапынан жарты жылдан астам уақыт бойы қудалау, соққы және қоқан-лоқы көріп жүргенін ашық мәлімдеген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полицияның мәліметінше, ер адамға сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол ұсталып, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материалдар сотқа жолданған.

— Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментіне өңірдің 29 жастағы тұрғыны танысына қатысты шара қабылдауды сұрап арызданған. Оның айтуынша, ер адам оның еркінен тыс мессенджерлер мен мобильді қосымшалар арқылы навязчив түрде қудалаған. Күдікті жүйелі түрде хабарламалар жолдап, арыз иесіне психологиялық күйзеліс келтірген, — деп толықтырды полицияда.

Әнел Аманғалиеваның айтуынша, 24 ақпанда жұбайына қатысты алғашқы сот отырысы өткен. Сот оны сталкинг ісі бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау жазасын тағайындаған, сондай-ақ жәбірленушілерге өтемақы қорына 5 АЕК төлеуге міндеттеген.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Әнел әлеуметтік желілерде алматылық кәсіпкермен әлі күнге дейін ресми некеде екенін, оның ажырасуға келісім бермей отырғанын айтқан. Оның сөзінше, неке тіркелгеннен кейін қорлау мен қысым басталған. Әнел қарым-қатынасты түбегейлі аяқтауға шешім қабылдаған соң, қудалау одан сайын күшейген. Сонымен қатар, ер адам оны интимдік фото мен видеолар арқылы бопсалаған. Жалған аккаунттар ашып, таныстары мен клиенттеріне жазған, кейін парақшаларды өшіріп, жаңаларын қайта ашып отырған.

Серіктес жаңалықтары