×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Ресейде Нұрлан Сабуровқа қатысты жағымсыз шешім шықты

Бүгін, 09:38
Ресейде Нұрлан Сабуровқа қатысты жағымсыз шешім шықты
Видео кадры

Ресейде әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағымсыз шешім шықты. Ол енді отбасына Ресейге орала алмайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік шоу-бизнес өкілдерін қорғап жүрген адвокат Сергей Жорин Нұрлан Сабуровтың Ресейге қайта кіру мүмкіндігіне қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, заң жүзінде комик елге кіруге салынған тыйымды сот арқылы даулауға құқылы. Алайда егер депортация «қауіпсіздікке қатер төндіреді» деген негізбен рәсімделсе, мұндай істің оның пайдасына орай шешілуі екіталай.

— Бұл тіркеу мерзімін өткізіп алу сияқты қарапайым әкімшілік жаза емес. Сондықтан Сабуровқа қойылған 50 жылдық тыйым — өте қатаң әрі елеулі белгі, — деді адвокат news.ru-ға берген сұхбатында.

Сонымен қатар Жорин егер тыйым жеткілікті негізсіз немесе рәсімдік қателіктермен шығарылған болса, оны ІІМ-нің тиісті органы орналасқан аудандық сотта қайта қарауға мүмкіндік бар екенін айтты.

ҰҚК ТЕКСЕРІСІ

Сабуровқа қатысты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеру жүргізе бастаған болатын. Бұған оның қатысуымен тараған бейнежазба себеп болған. Видеода комик «Легион Вагнера Истра» деп аталатын құрылымға 10 эндуро мотоциклін сыйға беріп, жауынгерлерге «жеңіспен оралыңдар» деп тілектестік білдіреді.

Серіктес жаңалықтары