Бас прокурор Берік Асылов әскерде баласы қайтыс болған ата-аналардың арызы бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Асыловтың сөзінше, бас прокуратура өкілдері қайтыс болған сарбаздардың ата-аналарымен кездескен.
- Бәрімен сөйлестік. Олардың талаптарын қарастырдық. Заң бойынша қылмыстық істерді қарастырып, тексеріс жүргіздік, – дейді Асылов.
Сонымен қатар, бас прокурор бұл істе қорғаныс министрлігінің статусы қандай екенін айтты.
- Тергеу барысында барлық эпизод бойынша іс қозғалды. Одан бөлек, осы сұрақтарға жауапты қорғаныс министрлігінің басшылығының үстінен іс қозғалып, тергеліп жатыр. Әрқайсының жауапты қызметтік міндетіне қарай зерттеу жүргізіліп жатыр, – дейді Асылов.
Берік Асылов олардың қатарында министр, олардың орынбасары бар-жоғын сұрағанда “олардың қатарында осы сұраққа жауапты адамның бәрі бар” деп жауап берді.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, былтыр 18 қарашада Президент әкімшілігі орналасқан Үкімет үйінің 16-кіреберісі алдында әскери борышын өтеп жүріп қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты. Олар әділ әрі ашық тергеу жүргізуді талап етті. Суықта жеті сағатқа жуық тұрған әйелдердің кейбірі есінен танып қалды. Соңында ОМОН келіп, аналарды күштеп автобустарға отырғызып, полиция бөлімшесіне алып кеткен.