×
501.75
591.96
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.75
591.96
6.52

Ресейде автобус аялдамасының қасында Қазақстан азаматы ұсталды

Бүгін, 16:16
Ресейде автобус аялдамасының қасында Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: РФ ІІМ

Тексеру кезінде қазақстандықтан 70-тен астам есірткі салынған түйіншек табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Челябі қаласында полиция 2001 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады. Ер адам қоғамдық көлік аялдамасының маңында күдік тудырған әрекеті үшін тоқтатылған. Тексеру барысында одан 74 түйіншек тәркіленген. Сараптама олардың N-метилэфедрон (PVP) туындысы екенін көрсетті. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 70 грамнан асады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті есірткіні таратуды жоспарлаған.

ТЕРГЕУ

Челябі қаласының полиция басқармасына қарасты «Орталық» полиция бөліміне қарайтын тергеу бөлімшесі РФ Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігі және 228.1-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз өткізуге оқталу дерегін қамтиды.

Серіктес жаңалықтары