×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 12:12
Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ulysmedia

"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 28 ақпанда Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе және Қостанай қалаларында болжанып отыр.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары