Бахрейнде АҚШ-тың Бесінші флотының кемелері орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
AFP агенттігінің тілшілері Бахрейн астанасы Манамада жарылыстар болғанын хабарлады. Дәл осы қалада АҚШ-тың Бесінші флотының кемелері базаланған. Алайда бірнеше күн бұрын қауіпсіздік мақсатында Бахрейндегі америкалық барлық кеменің ашық теңізге шығарылғаны туралы ақпарат тараған еді, деп жазды BBC.
Сонымен қатар Тегеранның Кувейт, Қатар, Иордания және БАӘ аумағындағы АҚШ базаларына соққы жасағаны хабарланды. Жергілікті тұрғындар Абу-Дабиде жарылыс дыбыстары естілгенін және Дубайдағы Бурдж Халифа ғимаратынан адамдардың эвакуацияланғанын айтып жатыр. Парсы шығанағы елдерінің бәрінде әуе кеңістігі жабылды.
КОНТЕКСТ
Бүгін таңертең Израиль Тегеранға "алдын ала соққы" жасағанын мәлімдеді. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағында әскери операция жүргізіліп жатқанын растады.