×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты

Бүгін, 09:10
Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты
Reuters

Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты. Бұл туралы республиканың мемлекеттік телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұған дейін елдегі БАҚ Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан Иран жоғарғы көшбасшысының отбасының төрт мүшесі, оның ішінде қызы мен немересі қаза болғанын мәлімдеген еді.

Иран үкіметі ел бойынша 40 күндік ұлттық аза жариялап, 7 күнді жалпыұлттық демалыс күндері деп бекітті. Әли Хаменеи 86 жаста болған.

Ол бұл қызметті 1989 жылдан бері атқарып келді. Оған дейін сегіз жыл бойы Иран президенті қызметін атқарған.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран аумағындағы нысандарға соққы жасаған еді. АҚШ президенті Дональд Трамп Ислам Республикасына қарсы әскери операция басталғанын растады.

Былтыр 12 күндік соғыспен аяқталған АҚШ, Израиль және Иран қақтығысы жаңа сипат алды ма? Бұның арты немен аяқталуы мүмкін? Осы уақытқа дейін не белгілі? Бұл жолғы қақтығысқа тағы кімдер қатысып жатыр? Толығырақ Ulysmedia материалынан оқи аласыз.

Серіктес жаңалықтары