Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейту туралы үндеу жасалды. Бұл туралы Ирандағы Қазақстан елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
РЕСМИ ҮНДЕУ
Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иранда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қатаң түрде ұсынылады.
Сонымен қатар Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігі жабылып, әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанына байланысты азаматтардан елден шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығу ескертілді.
Елден шығу Иранның құрлықтағы шекаралары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
Бұл туралы Ирандағы Қазақстан елшілігінің хабарламасында айтылған.
ЖЕДЕЛ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ
Қазақстан елшілігі азаматтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл байланыс нөмірлерін ашты:
Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы елшілігі:
Кезекші телефон: +98 21 2256 5933
Ұялы телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672
Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон)
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны)
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)
Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы консулдығы:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp)
Елшілік қазақстандықтарды сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға үндеді.