×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Иранды уақытша кеңес басқарады

Бүгін, 10:01
Иранды уақытша кеңес басқарады
depositphotos.com

Иран Конституциясына сәйкес, жоғарғы көшбасшы қайтыс болған жағдайда елді уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарады. Мұндай шешім елдің жоғарғы көшбасшысының қаза табуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесі жоғарғы көшбасшы қаза тапқаннан кейін Иранды уақытша басқарады. Бұл туралы Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге сілтеме жасап IRNA агенттігі хабарлады.

Бұл уақытша орган мемлекет ісін 88 дін өкілінен тұратын сайланбалы орган – Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшыны сайлағанға дейін жүргізеді.

КОНТЕКСТ

Елдің жоғарғы көшбасшысы, аятолла Әли Хаменеи 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған бірлескен әуе соққысы салдарынан қаза тапқан. Оның қазасын жексенбіге қараған түні Иран билігі ресми түрде растады.

Бұған дейін Әли Хаменеи кеңесшісі, Иранның қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур қаза тапқаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары