×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Бүгін елдің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11:40
Бүгін елдің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
pexels

Бүгін, 1 наурызда елдің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, сондай-ақ түнгі уақытта Астана мен Петропавл қалаларында болады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.

 

 

Серіктес жаңалықтары