×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы шамамен бір айға созылады – Трамп

Бүгін, 08:05
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы шамамен бір айға созылады – Трамп
Фото: Анадолу

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға созылуы немесе одан да ертерек аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол британдық Daily Mail газетіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Біз бұл шамамен төрт аптаға созылады деп болжап отырмыз. Тарихта да мұндай үдерістер әдетте төрт аптаға жоспарланған, сондықтан операцияның күрделілігіне қарамастан, ол төрт аптада немесе одан да қысқа мерзімде аяқталады, – деді ол.

Сұқбат кезінде президент Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында болған. Бүгін ол Вашингтонға оралуы мүмкін. Трамп соққылардың нәтижесі өзін таңғалдырмағанын айтты. Оның сөзінше, операция барысында Иран басшылығының көзі жойылған.

КОНТЕКСТ

28 ақпанда Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны белгілі болды. Ол Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы салдарынан мерт болды.

Бұған дейін Әли Хаменеи кеңесшісі, Иранның Қорғаныс жөніндегі кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың да қаза тапқаны белгілі болған еді.

Серіктес жаңалықтары