×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Біріккен Араб Әмірліктерінің Ирандағы елшіліктері жабылады

Бүгін, 08:21
Біріккен Араб Әмірліктерінің Ирандағы елшіліктері жабылады
Фото: minaval

Біріккен Араб Әмірліктері Тегерандағы елшілігін жабатынын және елшісін кері шақыратынын мәлімдеді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абу-Дабиде бұл шешім Иранның БАӘ аумағына жасаған зымыран және дрон соққыларына тікелей жауап екенін айтты.

– Азаматтық нысандарға, соның ішінде тұрғын аудандарға, әуежайларға, порттарға және инфрақұрылым объектілеріне бағытталған бұл жаулық шабуылдар жауапсыз әрі қауіпті эскалация жағдайында бейбіт тұрғындардың өміріне қатер төндірді. Сонымен қатар бұл ұлттық егемендікті өрескел бұзу, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын ашық түрде аяққа таптау болып табылады. БАӘ Сыртқы істер министрлігі бұл шешім елдің қауіпсіздігі мен егемендігіне қатер төндіретін кез келген агрессияға қарсы берік әрі өзгермейтін ұстанымын көрсететінін атап өтті. Бұл қадам деэскалацияға бағытталған күш-жігерді әлсіретіп, өңірді аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік пен жаһандық экономиканың орнықтылығына қатер төндіретін аса қауіпті сценарийге итермелеп отырған жаулық әрі арандатушылық әрекеттер жалғасып жатқан жағдайда жасалды, – делінген ведомство хабарламасында.

КОНТЕКСТ

Жағдай АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағаннан кейін күрт шиеленісе түсті. Дональд Трамп соққыларды Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты «таусылған сабырмен» түсіндірді. Шабуылдар салдарынан Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран зымырандар мен ұшқышсыз аппараттарды қолданды – соққылар Израильге, америкалық базаларға, сондай-ақ Парсы шығанағы елдеріне бағытталды.

Серіктес жаңалықтары