×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Израиль «Хезболла» нысандарына соққы жасады

Бүгін, 09:30
Израиль «Хезболла» нысандарына соққы жасады
Фото: Hussein Malla/AP Photo/picture alliance

Израиль армиясы Бейрут маңында және Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының нысандарына соққы жасады. Бұл шабуылдар 2024 жылдан бері Ливан аумағына жасалған ең ауқымды шабуыл, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Израиль Ливан астанасы Бейруттің оңтүстік аумағына әуе соққыларын жасады. Бұл аудандарды Иран қолдайтын радикалды шииттік «Хезболла» қозғалысы бақылауында ұстап отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соққы «Хезболланың» Израиль аумағын зымыран және дрондаратқылағанына жауап ретінде жасалған. «Хезболла» өз шабуылын  Иранда «аятолла Әли Хаменеидіңөлтірілгені үшін кек алу» деп түсіндірген.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе соққылары кезінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқан.

Оқи отырыңыз: Аятолланың өлімі соғыстың басы ма? Ирандағы жағдай енді қалай қарай өрбуі мүмкін?

 

 

Серіктес жаңалықтары