×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Иран зымыраны "Дубайдағы Қазақстан" аталып кеткен резиденцияға түскен

Бүгін, 10:32
Иран зымыраны "Дубайдағы Қазақстан" аталып кеткен резиденцияға түскен
Фото: ашық дереккөзден

Иран зымыраны түскен Дубайдағы ғимараттардың бірінде қазақстандық шенеуніктер мен олардың туыстарына тиесілі қымбат жылжымайтын мүліктер бар, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Иран АҚШ пен Израильдың әуе соққысына қарымта ретінде АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскери базаларына зымыран және дрон ұшырған.

Шабуыл кезінде соның бірі Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына түскен. Бұл кешенде қазақстандық шенеуніктерге тиесілі қымбат пәтерлер бар.

«Дубайдағы Қазақстан» журналистік зерттеуінің авторы Манас Қайыртайдың жазуынша, C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебі бойынша, Fairmont The Palm резиденциясынан қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет істеген шенеуліктердің туыстары.

Fairmont The Palm резиденциясынан жылжымайтын мүлік сатып алғандардың бір сыпырасы мынадай:

Бағдат Баталов (Алматы облысын ұзақ жыл басқарған экс-әкім Амандық Баталовтың әйелі)

Мирас Мами (Жоғары соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мамидің ұлы)

Лейла Адайбекова (Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің әйелі)

Жанар Сейдвалиева (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп айтылатын Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы әйелі)

Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы)

Өркен Есей (Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы)

Алена Шенесары (Бұрынғы мәжіліс дерутаты Гүлжан Қарағұсованың келіні)

Қайсын Жұмағалиева (Бұрынғы цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің анасы)

Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі)

Руслан Ақбердиев (Президенттің күзет қызметінің бұрынғы қызметкері)

Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде істеген генерал)

Николай Родостовец (Экс-министр)

Ардақ Зиябек (Бұрынғы вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы)

Контекст

1 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескен. Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтқан.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын», – деген Тоқаев сөйлесу барысында.

Серіктес жаңалықтары