×
497.56
586.92
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.56
586.92
6.44

Алматыда Навальныймен байланысты белсендіге қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 11:36
Алматыда Навальныймен байланысты белсендіге қатысты сот шешімі шықты
Ашық дереккөзден

Қазақстан соты ресейлік азаматша Юлия Емельяноваға баспана беруден бас тарту туралы шешімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Адвокат Мұрат Адамның сөзінше, сот Ресей азаматы Юлия Емельянованың Қазақстан аумағында баспана беруден бас тарту жөніндегі шешімді даулаған арызын да қанағаттандырмады.

Сонымен қатар сот БҰҰ-ның Ресей Федерациясындағы адам құқықтарының жағдайы жөніндегі Арнайы баяндамашысы Марианна Кацарова жолдаған шұғыл үндеуді әкімшілік істің материалдарына қосудан бас тартқан. Бұл шешімнің себептері сот тарапынан түсіндірілмеген.

Іс барысына пікір білдірген тарап өкілінің айтуынша, оның тәжірибесінде алғаш рет талапкер өкілдері қатыспаған жағдайда істің қаралуы және Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның халықаралық конвенциялары нормаларының осылайша ашық түрде еленбеуі тіркеліп отыр.

КОНТЕКСТ

Юлия Емельяноваға өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстанда саяси баспана іздеуші куәлігі берілген. Ол 31 тамызда Алматы әуежайында транзиттік рейс кезінде ұсталған. Ұстауға Ресей бастамашы болған мемлекетаралық іздеу жариялануы негіз болған.

Ресейлік құқық қорғау органдары Емельянованы телефон ұрлады деп айыптап отыр. Ал өзі және құқық қорғаушылар бұл істі қолдан жасалған деп санайды. Олардың пікірінше, белсендіні саяси қызметі үшін қудалап отыр. Емельянова 2022 жылға дейін Ресейде Алексей Навальный штабтарында белсенді болған.

Серіктес жаңалықтары