Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.