×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

«Қақтығыс надандықтан туады» - Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі

Бүгін, 08:03
«Қақтығыс надандықтан туады» - Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі
Фото: Sipa USA | picture alliance

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде білім арқылы бейбітшілік орнату туралы баяндама жасады.

2026 жылғы 2 наурызда Мелания Трамп Қауіпсіздік кеңесінің отырысын ашты. Бұл — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап беретін БҰҰ-ның басты органында қызметтегі бірінші ханымның алғаш рет төрағалық етуі. 2026 жылдың наурыз айында Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық АҚШ-қа өтті.

Өз сөзінде Трамп «бейбітшілік әлсіз болмауы керек» екенін айтып, тұрақты бейбітшілікті білімге қолжетімділікпен тікелей байланыстырды. Баяндаманың негізгі тезисі - білім қауіпсіздік пен өркениет болашағының іргетасы.

Ол білімге негізделген қоғамдар бейбіт болатынын, ал надандық қақтығыс пен теріс түсініктерге әкелетінін атап өтті. Оның айтуынша, ой еркіндігін шектеу - мемлекеттің болашағын шектеумен тең.

Сондай-ақ ол технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне ерекше тоқталды. Бірінші ханымның пікірінше, жасанды интеллект «білімді демократияландырып», миллиардтаған адамға білімге жол ашып, географиялық шекарасыз жаңа жаһандық шындық қалыптастырады.

Мелания Трамп елдерді білім мен технологияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырып, түсіністік арқылы бейбітшілік орната алатын жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге үндеді.

«Қақтығыс надандықтан туындайды, ал білім түсіністікке жол ашады», - деді ол Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне үндеу жасап, білімді жаһандық тұрақтылықтың негізі ретінде қорғауға шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі туралы

Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңесінің құрамына 15 мемлекет кіреді:

  • 5 тұрақты мүше (вето құқығымен): АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей.
  • Тағы 10 уақытша мүше БҰҰ Бас Ассамблеясы арқылы екі жылға сайланады.

Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ай сайын ауысып, елдерге ағылшын әліпбиі тәртібімен беріледі. 2026 жылдың наурызында төрағалық АҚШ-қа өтті. Кейін ол ротация тәртібімен басқа мүшелерге беріледі.

Бұл - қызметтегі АҚШ бірінші ханымының Қауіпсіздік кеңесі отырысына алғаш рет төрағалық етуі.

Серіктес жаңалықтары