×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

ШЫҰ Иранға жасалған соққыларға қарсы шықты

Бүгін, 08:32
ШЫҰ Иранға жасалған соққыларға қарсы шықты
ШЫҰ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты ресми мәлімдеме таратты. Ұйымға мүше мемлекеттер Ислам Республикасының аумағына жасалған әскери соққыларға және Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ШЫҰ күш қолдануды құптамайтынын атап өтіп, кез келген даулы мәселе тек бейбіт жолмен — келіссөз, өзара құрмет және барлық тараптың мүддесін ескеру арқылы шешілуі тиіс екенін мәлімдеді. Ұйым Иранның егемендігін, қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін ерекше атап көрсетті.

Мүше мемлекеттер барлық тарапты сабыр сақтауға және жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырды. Сондай-ақ мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық қауіпсіздіктің әлсіреуіне жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде үндеу жасалған.

Бұдан бөлек, ШЫҰ қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Иран халқы мен үкіметіне қолдау білдірді.

АЙТА КЕТЕЙІК

ШЫҰ — 2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оның құрамына Ресей, Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь кіреді. Ұйымның негізгі мақсаты — Еуразия кеңістігінде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту.

ЖАҒДАЙДЫҢ ӨРБУІ

28 ақпанда таңертең Америка Құрама Штаттары мен Израиль әскери операция бастаған. Соққылар Тегеранға және Иран аумағындағы өзге нысандарға жасалған.

Дональд Трамп операцияның мақсаты Ислам Республикасының ядролық бағдарламасын жою екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Иран әскерін қаруын тастауға, ал азаматтарды «тағдырын өз қолына алуға» шақырды.

Серіктес жаңалықтары