×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Ел тұрғындары аз үйленіп, көп ажырасатын болған

Бүгін, 10:26
Ел тұрғындары аз үйленіп, көп ажырасатын болған
Ашық дереккөзден

Қазақстанда 2025 жылы үйленгендер аз болып, тарихи ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Өткен жылы елде 114,5 мың неке тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға аз.

Сонымен қатар ажырасу саны 11,9 пайызға өсіп, 45,5 мыңға жетті. Нәтижесінде жалпы арақатынас күрт нашарлаған: 2023 жылы 100 некеге 14 ажырасудан келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 40-қа жеткен.

ӨҢІРЛЕР

Неке тіркеудің негізгі бөлігі қалаларға тиесілі — барлық некенің 68,1 пайызы. Ажырасу да қалада көбірек тіркелген: 33,8 мың жағдай, ал ауылдық жерлерде — 11,7 мың.

Ауылдық жерлерде неке санының төмендеуі айқынырақ байқалған — минус 12 пайыз. Қалаларда 100 некеге шамамен 43 ажырасудан келеді, ауылдарда бұл көрсеткіш — шамамен 32.

Неке саны бойынша көш басында Алматы (12,7 мың), Түркістан облысы (11 мың) және Астана (10,6 мың) тұр.

Ажырасу саны бойынша да алдыңғы орында Алматы (5 мың), Астана (4,2 мың) және Қарағанды облысы (3,8 мың).

АЛАҢДАТАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕР

Неке мен ажырасу арақатынасы ең күрделі өңір — Қарағанды облысы. Мұнда некелердің жартысынан астамы ажырасумен аяқталған.

100 некеге шаққандағы ажырасу саны ең жоғары өңірлер: Солтүстік Қазақстан облысы (59), Павлодар облысы (58), Қарағанды облысы (54) және Қостанай облысы (52).

Ең тұрақты жағдай Түркістан облысында (20) және Алматы облысында (26) тіркелген, деп жазады Finprom.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бойдақтарға салық салу мәселесі көтерілген болатын.

Серіктес жаңалықтары