×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

"Қазақстан билігі қадіріне жетпеді": Алматыда саясаткер Болатхан Тайжанды еске алды

"Қазақстан билігі қадіріне жетпеді": Алматыда саясаткер Болатхан Тайжанды еске алды

Кәсіби дипломат әрі белгілі саясаткер Болатхан Тайжанның туған күні қарсаңында Алматыда шахматтан турнир өтті. Саясаткердің отбасы турнир Болатхан Тайжанның 85 жылдығына орай ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Болатхан Тайжанның ұлы Мұхтар Тайжан әкесінің атындағы шахмат турнирі осымен үшінші рет өтіп жатқанын айтты. Сөзінше, отбасымен бірге айтулы датаға орайластырып, әр бес жыл сайын турнир ұйымдастырып келеді. Биыл шахматпен қатар үлкен теннистен де турнир өткен. 

«Шахмат деген керемет ойын. Менің әкем шахматты жақсы көрді, көп ойнаған. Мен де ойнаймын. Менің ұлым да ойнайды. Әкемнің 75, 80 жылдығында өткіздік турнир. Енді міне, 85 жылдығында өткізіп отырмыз. Әр бес жыл сайын еске алу ретінде жарысты өткізіп жүрміз. Дәстүрге сай ас әлбетте өткіземіз. Бірақ астан басқа осындай шаралар өткізген де маңызды деп ойлаймын», – деді ол.

Болатхан Тайжанның жесірі Айсұлу Тайжан мен ұлы Мұхтар Тайжан.

Шахмат турнирін саясаткердің отбасы өз қаражатына өткізген. Жүлде қорын да тағайындаған. Болатхан Тайжанның 85 жылдығына орай билік тарапынан ешқандай көмек болмаған, ұсыныстар да айтылмаған.

«[Билік тарапынан] ешнәрсе айтылған жоқ және де мен бірнәрсе айтады деп күткен де жоқпын», – деді Мұхтар Тайжан.

Қайтыс болғаннан кейін Алматыда Болатхан Тайжанның атына көше беріліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылған. Мұхтар Тайжанның сөзінше, бірнеше жыл бұрын әкесінің туған жері Павлодар облысының әкімдігіне хат жолдап, сол жақта да Болатхан Тайжанның атына көше беруді сұрап хат жолдаған. Бірақ оған ешқандай жауап келмеген.

«Менің әкем Павлодарда, Баянауылда туған ғой. Павлодарда, Баянауылда бірде-бір көше жоқ. Әкем туған үйде ешқандай мемориалды тақта да жоқ. Алматыда бар мысалы. Ол жақта жоқ. Бірнеше жыл бұрын хат жазғанбыз. Бірақ ешқандай жауап берген жоқ. Не үшін екенін білмедім», – деді ол.

Контекст

Кәсіби дипломат әрі белгілі саясаткер Болатхан Тайжан 1941 жылы 8 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмәмдаған. Мұрат Әуезов негізін қалаған «Жас тұлпар» ұйымына мүше болып, белсене жұмыс істеген.

«Болатхан «Жас тұлпар» ұлттық ұйымын жаңа сапаға көтерді. Кейін елге келген кезде де біздің ісімізге Асқар Сүлейменов, Сәкен Жүнісов сынды ағаларымыз үлкен баға берді. Қазақстанға келген соң да біз «Жас тұлпардың» жұмысын тоқтатқан жоқпыз. Қарап тұрсаңыз, Болатханның өмірінің соңына дейінгі ұлтқа еткен қызметі «Жас тұлпардан» бастау алған істердің жалғасы.Тәуелсіздік алған жылдары Болатхан өзінің кәсіби елші екенін барлық қырынан көрсетті. Мемлекеттік қызметте жүріп те қазаққа қалтқысыз қызмет етті. Ол алғашқы болып елшілік қызметтегі іс-қағаздардың барлығын тек қана қазақша жүргізді. Осы үшін жоғарыдан сын да естіді, қысым да көрді. Бірақ ол өз ісін жалғастыра берді. Өкінішке қарай, Болатханды Қазақстанның ресми билігі бағаламады. Қадіріне жетпеді», – деп есіне алған Мұрат Әуезов 2009 жылы Болатхан Тайжан атындағы қор ашылған сәтте.

Әр жылдары Қазақстанның Египет, Марокко, Малайзиядағы елшісі болып қызмет атқарған. «Отан» партиясы төрағасының кеңесшісі, кейіннен «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы болған.

Болатхан Тайжан 2007 жылы 20 ақпанда 65 жасында қайтыс болды.

Өмірінің соңғы жылдарында Болатхан Тайжан қазақ қоғамындағы өзекті мәселелердің басы-қасында жүрді. Кез келген мәселеге қатысты басылым беттерінде өзінің ой-пікірін, көзқарасын үнемі білдіріп отырды.

Серіктес жаңалықтары