×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Иранда жарақат алған қазақстандықтар бар ма?

Бүгін, 14:32
Иранда жарақат алған қазақстандықтар бар ма?
depositphotos

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ирандағы қазақстандықтарға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бақаевтың сөзінше, қақтығыс аймағында жарақат алған азаматтарымыз жоқ.

- Біз бірінші кезекте азаматтарымызды және дипломаттарымызды және олардың отбасыларын елге қайтардық. Бүгінгі таңда Иранда 70-ке жуық қазақстандық қалып отыр. Олардың елге қайтуы орналасқан жеріне байланысты. Мәселен, Горган маңында болса, Түрікменстан арқылы шығарылады. Кеше ғана 17 азаматымызды Түркіменстан арқылы шығардық. Ал Иранның басқа аумағында орналасса, азаматтарды Армения немесе Әзербайжан арқылы бағыттаймыз, – дейді Бақаев. 

Оның сөзінше, алғашқы кезде 12 күндік соғыс болған кезде, азаматтарымызды Әзербайжан арқылы шыққан.

- Әзербайжан, Армения және Түрікменстан елдері осы бағытта үлкен қолдау көрсетіп отыр. Аталған 70 азаматпен тығыз байланыстамыз. Олар қауіпсіз жерде отыр, – дейді министрдің орынбасары. 

Бастапқы қақтығыс кезінде Израильден эвакуация жұмыстары өткізілген.

- Дипломаттар мен олардың отбасы Израильден шығарылды. Бірақ азаматтарымыз бар, олардың саны 80-90-ға жуық. Бірақ одан көп емес. Ол жақтан азаматтардан тек бір жолмен шығарылады, ол Мысыр арқылы. Мысырмен Қазақстанның тікелей әуе байланысымыз бар. Кейін сол арқылы елімізге оралады, – дейді Әлібек Бақаев. 

Серіктес жаңалықтары