×
502.6
589.95
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.6
589.95
6.5

Израиль Ливанмен шекарада әскери операция бастады

Бүгін, 14:38
Израиль Ливанмен шекарада әскери операция бастады
Фото: Ibrahim Amro/AFP/Getty Images

Израиль Ливанмен шекарада әскери операция бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде операция бастағанын мәлімдеді. 3 наурызда таратылған хабарламада бұл ортақ шекара бойындағы тактикалық операция екені айтылды.

Израиль сарбаздары Ливанның оңтүстігінде әрекет етіп, күшейтілген қорғаныс стратегиясы аясында шекара маңындағы бірнеше нүктеге орналастырылған.

Сонымен қатар, Израиль әскері Ливандағы Хезболла тобының инфрақұрылымына соққы жасап жатқанын хабарлады.

«Израиль елді мекендеріне тікелей атқылау қаупінің алдын алу үшін премьер-министр Биньямин Нетаньяху және мен ЦАХАЛ-ға Ливан аумағында алға жылжып, қосымша стратегиялық биіктіктерді бақылауға алып, сол жерден шекара маңындағы елді мекендерді қорғауға рұқсат бердік», – деді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац.

Бұдан бөлек, Израиль әскері Иран аумағындағы және Ливан астанасы Бейрут қаласындағы нысандарға қарсы жаңа «ауқымды» әуе соққылары толқыны басталғанын хабарлады.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе соққылары кезінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқан. Содан бері тараптар бірін-бірі зымыран және дронмен шабуылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Аятолланың өлімі соғыстың басы ма? Ирандағы жағдай енді қалай қарай өрбуі мүмкін?

Серіктес жаңалықтары