×
498.09
577.34
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.09
577.34
6.41

Орал прокуратурасы соттан соғысқа қарсы жасөспірімді Ресейге депортацияламауды сұрады

Бүгін, 10:33
Орал прокуратурасы соттан соғысқа қарсы жасөспірімді Ресейге депортацияламауды сұрады
uralskweek.kz

Орал қаласының прокуратурасы облыстық апелляциялық сот алқасынан 16 жастағы Тимур Турковты Ресейге депортацияламауды сұрады. Кремль саясаты мен әскери риторикасына қарсы жасөспірім былтыр күзде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, қашып келген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Былтыр желтоқсанда Орал қалалық соты Турковты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, оған айыппұл салған және ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдаған. Сот шешіміне сәйкес, оған алдағы бес жылда Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.

Прокуратура "Турковқа пробациялық бақылау белгілемей, алты ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын" берген алғашқы сатыдағы сот шешімімен келіспейді. Апелляциялық соттан оны өзгертуді талап еткен.

Прокурорлар қалалық сотта қылмыстық заң дұрыс қолданылмаған деген қорытындыға келді, сондықтан Турков Қазақстаннан шығарылсын деген қосымша жаза жойылуға тиіс деп санайды.

Контекст

Жасөспірімнің сөзінше, кәмелетке толмағандар Ресейден тек заңды өкілдерімен бірге немесе олардың ресми келісімімен шыға алатындықтан, шекарадан заңды түрде өтуге мүмкіндігі болмаған. Коронавирус пандемиясы кезінде анасы қайтыс болғаннан кейін Турковқа асыраушысы ретінде әжесі бекітілген. Ресейдің Украинаға басқыншылығын сөлекет санамайын атам мен әжем көрші елге кетуге рұқсат етпеуші еді деп түсіндірген Турков. Жасөспірім өзі тұрған аймақтағы мектептерде соғыс әспеттеліп, Украинада қаза тапқан ресейлік сарбаздарды жерлеу рәсіміне жоғары сынып оқушыларын қарауыл қылып қоятынын айтқан.

Қазақстанның шекара қызметі Турковты ұстап, әлеуметтік қорғауға зәру балалар орталығына жіберген. Оны Оралдағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырған. Турков Қазақстаннан пана сұрап құжат тапсыруға талпынғанымен, құзырлы органдар өтінішін тіркемей қойған.

Серіктес жаңалықтары