×
498.09
577.34
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.09
577.34
6.41

"Қазақша жазуы жоқ": Қарағандыда ДХР-де өндірілген кәмпит сатылған

Бүгін, 16:01
"Қазақша жазуы жоқ": Қарағандыда ДХР-де өндірілген кәмпит сатылған
Фото: threads

Желі қолданушылары Донецк Халық республикасынан келген кәмпитке назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Threads қолданушысы Қарағанды облысындағы дүкенде ДХР-де өндірілген кәмпит сатылып жатқанын байқаған. Сонымен қатар, желі қолданушылары ЕАЭО сертификатынан өтпеген, қазақ тіліндегі аудармасы жоқ мұндай тауар дүкен сөрелеріне қалай қойылғанын сұраған. 

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Біз бұл дерекке қатысты сауда министрлігінен пікір білдіруін сұрадық. Бұл дерек бойынша Қарағанды облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізіп жатыр.

Егер заңбұзушылықтар анықталса, материалдар белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органға жолданып, шара қабылданады. Ал азық-түлік өнімдеріне қатысты бақылау мен қадағалауды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.

ТАЛАП

Жалпы, азық-түлік өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген. Ел аумағында сатылатын өнімдер тұтынушыға түсінікті, оқуға ыңғайлы әрі шынайы ақпаратпен, соның ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген мәліметпен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекеттік тілдегі міндетті ақпараттың болмауы таңбалау талаптарын бұзу болып саналады және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралардың қабылдануына әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары