Астаналық полицейлер Украинаға барып келген журналистер Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоровты тексерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Рауль Упоровтың сөзінше, оларды Астанадағы шекара күзетшілері ұстаған.
- Бізді бөлек кабинетке апарып, паспорттарымызды алып қойды, – дейді журналист.
Ол шекара қызметкерлерінен не үшін ұстағанын сұраған кезде олар геосаяси жағдайға байланысты екенін айтқан.
- Бізге Украинада соғыс болып жатқанын айтты. Мен Украинаға екінші рет бардым. Бірақ мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Олар “бізге осындай тапсырма келді, сіздермен ҰҚК қызметкерлері әңгімелесуі керек” деді. Әзірге күтіп отырмыз, – деді Упоров.
Қазіргі уақытта шекара қызметкерлері журналистерді жіберген. Қызметкерлер кешірім сұрағанымен, не үшін ұстағандарын толық түсіндірмеген.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Киевте Лұқпан Ахмедияров бастаған қазақстандықтар қаланың орталығында дастарқан жайып, жарықсыз және жылусыз өмір сүріп жатқан киевтіктерге көмектескен еді.