Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Миллиардер Шухрат Ибрагимов Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының жаңа бас құрылтайшысы атанды. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәлімдемеде бұл шешім Касым-Жомарт Токаевтің футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданғаны айтылған.
Контекст
Шухрат Ибрагимов – Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы әрі бас атқарушы директоры. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында байыған «еуразиялық үштіктің» бірі – Әлижан Ибрагимовтің ұлы. Бұл үштікке Ибрагимовтан өзге Патох Шодиев пен Александр Машкевич кірген.
Әлижан Ибрагимов 2021 жылы қайтыс болған. Forbes Kazakhstan-ның 2024 жылғы дерегі бойынша, Ибрагимовтар отбасының байлығы 1,5 миллиард долларға бағаланған.
«Тобыл» клубы былтырғы маусымда Қазақстан премьер-лигасында қола жүлдегер атанды және Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Биыл клуб Қазақстан Суперкубогында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысы бар тағы бір миллионер Қайрат Боранбаевтың «Қайрат» клубын жеңіп, кубог иегері атанған.