5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасады. Осы рейстермен елге 851 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды.
Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.
Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.
Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңынадейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасаудыжоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда).
3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.
ТАҒЫ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛГЕ КЕЛЕДІ?
Бүгінге жоспарланған рейстерді ескере отырып, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.